423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай халыққа вакцина салуды бастады

  • 171
  • UPD: 19:25, 20.10.2020

Қытайдың Чжэцзян провинциясында КОВИД-19 дертіне қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Әзірше ауруды жұқтыру қаупі жоғары топтарға және жақын арада шетелге баратын адамдарға егілуде. Сондай-ақ Цзясин қаласының әкімшілігі біртіндеп бүкіл халыққа вакцина егуді жоспарлап отыр.

Бұл препараттың клиникалық сынағы әлі толығымен аяқталған жоқ. Бір адамға екі мәрте егу керек, жалпы бағасы 60 доллар. Вакцинациялаудан 18 бен 59 жас аралығындағы кісілер өтеді.

Еске сала кетсек, Қытайда 4 вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оның екеуіне жылдың аяғына дейін кең ауқымда пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін.

У Гуйчжэнь, ҚХР Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының биологиялық қауіпсіздік жөнінде жетекші сарапшысы:

- Ең алдымен індетпен алғы шепте күресіп жүрген адамдарды вакцинациялаймыз. Олар медиктер, эпидемилогиялық және шекаралық қызметтер және қала тіршілігін қамтамасыз ететін мамандар.

Хабар 24 телеарнасы