425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Sinopharm COVID-19 вакцинасының млрд-тан астам дозасын шығармақ

  • 167
  • UPD: 08:01, 21.10.2020
Sinopharm COVID-19 вакцинасының млрд-тан астам дозасын шығармақ

Қытайдың Ұлттық фармацевтикалық компаниясы Sinopharm 2021 жылы коронавирусқа қарсы вакцинаның миллиардтан астам дозасын шығаруға дайын.

Бұл туралы компанияның директорлар кеңесінің өкілдері хабарлады. Sinopharm бірнеше елмен вакцина жеткізу туралы келісімге отырған. Қазіргі уақытта ғалымдар әлемнің он елінде клиникалық сынақтың үшінші кезеңін өткізіп жатыр. Компанияның мәліметінше, оған 50 мыңнан астам ерікті қатысады.

Хабар 24 телеарнасы