425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 40 мл-нан асты

  • 160
  • UPD: 11:00, 21.10.2020

Індеттен ең көп зардап шегіп отырған елдер баяғыша – АҚШ, Бразилия және Үндістан.

Мәскеуде өлім-жітім деректерінің тәуліктік рекорды орнады.

Ал антирейтинг тізімінің төртінші сатысында Ресей тұр. Соңғы ақпарат бойынша, осы елдің астанасы – Мәскеуде бір тәулікте 63 адам коронавирус құрбаны болған. Бұл – шілде айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Қазір Мәскеу облысында қосымша шектеу шаралары енгізілген. Әсіресе, аталған аймақта мәдени-бұрақалық шаралар өткізуге болмайды.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдаған 18 бен 30 жас аралығындағы 90 британ азаматы қайтадан әдейі вирус жұқтыратын болды. Осылайша дәрігерлер сынақтан өтіп жатқан жаңа дәрінің тиімділігін тексермек екен. Келер жылдың қаңтар айына жоспарланған бұл сынақ әлемде алғаш рет өткізілгелі отыр. Мамандардың айтуынша, зерттеу жұмысына қатысатын азаматтардың денсаулығы бірінші кезекте тұрады. Және ол үшін барлық жағдай жасалады-мыс. Айта кетейік, соңғы күндері Ұлыбританияның Манчестер графтығында шектеу шаралары қайта күшейтілді.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Қолда бар деректерге сүйене отырып, Манчестер дайындықтың ең жоғары деңгейіне көшу керегін хабарлаймын. Енді сағат алтыдан кейін адамдардың жиналуына рұқсат жоқ. Барлық ойын-сауық орталықтары жабылуы тиіс. Сонымен қатар тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы