424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияның оңтүстігіндегі Берхтесгаденде локдаун енгізілді

  • 99
  • UPD: 11:09, 21.10.2020

Австриямен шекаралас ауданда 20 қазаннан бастап тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, қазір Германияда қоғамдық көлік пен вокзалдарда маска режимінің сақталуы қатаң бақылауға алынған. Ережені елемеген тұрғындар бірден жауапқа тартылады. Мәселен, бүгінге дейін Гамбуртге тәртіп бұзған азаматтарға шамамен 1 миллион еуро көлемінде айыппұл салынған.

Айта кетейік, Гамбургте маска тақпағандарға 80 еуро айыппұл салынады. Ал түнгі уақытта жұмыс істеген мейрамханалар мен барлар 5 мың еуроға дейін айыппұл арқалауы мүмкін.

Филипп Бубингер, мейрамхана иесі:

– Берлинде кешкі сағат 11-ден бастап алкоголь сатуға тыйым салынды. Сондықтан біз осы уақыттан кейін жабылуға мәжбүрміз, өйткені ешкім тамақ ішуге келмейді, тек пабқа келеді. Соған қарамастан, біз жаңа ережелерді сақтауға тырысамыз. Алайда Берлиннің кей аудандарында ережеге бағынбайтындар бар деп ойлаймын. Себебі өйтпеске амалдары жоқ, бизнестері түбегейлі жабылып қалуы мүмкін.

Айта кетейік,неміс мектептерінде, балабақшалар мен қарттар үйлерінде вирус жұқтыру деректері әлі күнге дейін тіркеліп жатыр. Бұл тізімге жуырда Балтық теңізіндегі бес жұлдызды қонақ үйлердің бірі қосылды. Мұнда 100 қызметкердің 35-і коронавирус жұқтырған. Осыған байланысты мейманхана жабылып, 200-ге жуық қонақ коронавирусқа тесттен өтетін болды.

Хабар 24 телеарнасы