425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

НАСА зонды алғаш рет астероид бетіне сәтті қонды

  • 162
НАСА зонды алғаш рет астероид бетіне сәтті қонды

Ғарыш кемесі бірнеше минут «Бенну» деп аталатын астероидпен жанасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол енді алған сынамасын 2023 жылы Жерге жеткізеді. Бұл операцияны агенттік бірінші рет атқарып тұр және кез келген адам оны тікелей эфир арқылы тамашалай алды. Америка ғалымдары құрылғы кем дегенде 60 грамм тозаң жинап алды деп болжайды. Бірақ нақты есебі бірнеше күннен кейін белгілі болады.

Айта кетейік, мамандар бұл аспан денесін бұрыннан бақылап жүр. Оның көлемі шамамен 103 қабаттан тұратын Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг ғимаратымен бірдей, ал пішіні кәдімгі балалар ойыншығы, зырылдауыққа ұқсайды.

Хабар 24 телеарнасы