423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда жаңа проблема пайда болды

  • 371
  • UPD: 11:19, 21.10.2020
Қытайда жаңа проблема пайда болды

Қытайда жаңа экологиялық проблема пайда болды – мемлекет жыл сайын 26 миллион тонна қажетсіз киімді қайта өңдеуден өткізуі керек.

Алайда бұл экономикалық тұрғыдан тиімді емес, деп жазды Bloomberg.

Қытай жылына бес млрд-тан астам футболка шығарады, ал күн сайын миллиондаған тонна киім қоқысқа тасталады. Оның көбісі – арзан және сапасыз киімдер. Сән индустриясы әлемдегі көмірқышқыл газы шығарындыларының шамамен 10 процентін құрайды, бұл барлық әуе және теңіз көлігінен шығатын ластаушы заттардан көп.

Сарапшылардың айтуынша, киімнің бір келісін қайта пайдалану алты мың литр су мен 0,3 келі химиялық тыңайтқыштарды үнемдейді. Алайда Қытайдың проблемасы – киімді қайта өңдеу тиімді емес.

Заттардың басым көпшілігі қоқыс жәшіктеріне лақтырылып, экологиялық проблеманы күшейтеді. Қытайдағы 654 алып қоқыс полигонының көпшілігі мерзімінен бұрын толтырылуда. Елдегі ең үлкен қоқыс алаңы 100-ге жуық футбол алаңын қамтиды және жоспарланған уақыттан 25 жыл бұрын толып қалған.

Хабар 24 телеарнасы