422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда парламентке қайта сайлау өтетін күн белгіленді

  • 129
  • UPD: 11:16, 21.10.2020
Қырғызстанда парламентке қайта сайлау өтетін күн белгіленді Inozpress

Қырғызстанда Жогорку Кенешке қайта сайлау 20 желтоқсанда өтетін болды.

Мұндай шешім елдің Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

«ОСК 20 желтоқсанды бірауыздан қайта сайлау өтетін күн деп белгіледі», – делінген мәліметте.

ОСК 6 қазан күні Бішкекте басталған қақтығыстардан соң сайлау нәтижесін жоққа шығаруға мәжбүр болған.

Жағдай тұрақталмағандықтан президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

Сондай-ақ:

Қырғызстан президентінің міндетін енді кім атқарады

Бішкек мэрі отставкаға кету туралы өтініш білдірді

Қырғызстанның Жоғарғы соты Садыр Жапаровты ақтап шығарды

Хабар 24 телеарнасы