422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венесуэлада желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салынады

  • 128
  • UPD: 12:33, 21.10.2020
Венесуэлада желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Венесуэлада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация желтоқсаннан басталып, қаңтар айына дейін жалғасады.

Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро айтты, деп хабарлады Le Figaro.

Оның айтуынша, Ресей мен Қытай ұсынған вакциналар салынады. Ең алдымен вакцинация түрлі аурулардан зардан шегетін адамдарға, мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелерге жүргізіледі. Содан кейін ғана бүкіл халыққа салынбақ.

30 млн халқы бар Венесуэлада пандемия басталғаннан бері 87 644 коронавирус жағдайы және 747 өлім тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы