422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылдың басында коронавирустық жағдай жақсарады – Билл Гейтс

  • 141
  • UPD: 14:21, 21.10.2020
2021 жылдың басында коронавирустық жағдай жақсарады – Билл Гейтс

Әлемдегі коронавирус эпидемиясы осы жылдың аяғында күшейеді, бірақ 2021 жылдың басында жағдай жақсарады.

Бұл пікірді Microsoft корпорациясының басшысы Билл Гейтс айтты.

«Жақсы жаңалық осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында тиімді дәрілер, ең алдымен моноклоналды антиденелер пайда бола бастайтындығымен байланысты», - деді ол.

Гейтс моноклоналды антиденелердің иммундық жасушалар – лейкоциттерді клондау арқылы түзілетіндігін түсіндірді.

Билл Гейтс қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолын атаған болатын.

Оған дейін ол коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжаған.

Хабар 24 телеарнасы