422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиланд туристерді қабылдай бастады

  • 137
  • UPD: 14:55, 21.10.2020

Таиланд елі қайтадан туристерді қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шекара ашыла салысымен елге жеткен алғашқы жиһанкездер де бар. Белгілі болғандай, олар Шанхайдан барған. Таиланд аумағына өту үшін олар 90 күндік виза аштырыпты. Бұған қоса, әр турист міндетті түрде карантиннен өткен. Айта кетейік, Таиландта шетелдік саяхатшыларға қатысты шектеу сәуірден бері жалғасып келді.

Пхипхат Ратчакитпракарн, Таиланд туризм министрі:

– Елге келген әрбір турист алдымен 14 күндік карантинге жіберіледі. Ол қонақ үйде өтеді. Ал тестілеуден теріс нәтиже алған соң Таиланд аумағында емін-еркін қатынай алады.

Хабар 24 телеарнасы