425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда мұғалімнің жантүршігерлік өлімінен кейін әлеуметтік желілерге бақылау күшейді

  • 154
Францияда мұғалімнің жантүршігерлік өлімінен кейін әлеуметтік желілерге бақылау күшейді

Мектеп мұғалімі Самуэль Патидің жантүршігерлік өлімінен кейін Франция үкіметі әлеуметтік желіні бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық ассамблея отырысы кезінде ел премьер-министрі Жан Кастекс мәлімдеді. Өйткені Париж түбінде болған террорлық шабуылда әлеуметтік желілер маңызды рөл атқарған. Фейсбукте марқұм мұғалімге қарсы жұмылуға шақырған бейнежазба жарияланды. Ұстаздың мекенжайы мен жұмыс орны да ғаламтор беттеріне шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұдан бөлек, қылмыскер мұғалім мәйітінің суретін жариялап, ол Twitter желісінде тарап кеткені тағы бар. Осыған байланысты француз билігі басқалардың өмірін қатерге тіккен қолданушылардың жауапкершілігін күшейту керек дейді. Үкімет басшысының айтуынша, ол жеке деректерді жариялау арқылы біреудің өміріне қауіп төндіру туралы жаңа қылмыстық бап қосу бойынша бастама көтермек.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

– Алғашқы шешім министрлер Кеңесінде қабылданады. Жалпы бұл іске заңды әрі саяси жауап берілу керек. Және ол ұзақмерзімді болуы тиіс. Жыл соңына дейін Парламент Үкіметтен сепаратизмге және оның ең радикалды формасы – саяси исламизмге қарсы құқықтық арсеналымызды күшейтуге арналған заң жобасын алуы керек. Ол мемлекеттік мекемелердегі зайырлылық қағидатын құрметтеу, радикалды исламизмнің жаңа нысандарына қарсы күрес, мектептерді қорғау жөніндегі нақты шараларды қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы