425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камбоджаны алапат тасқын жайлады

  • 126
  • UPD: 15:38, 21.10.2020
Камбоджаны алапат тасқын жайлады

Корольдіктің 19 қаласы мен провинциясы су астында қалып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта көлік қатынасы бұзылып, үйлерді су басқан. Соның салдарынан 34 адам көз жұмып, 245 мыңдай тұрғын зардап шеккен. Бұған қоса, табиғат апаты 240 мың гектар егістік алқабын жарамсыз еткен. Қазір халық жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Ол үшін билік өкілдері әскерилерді тартып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы