424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 317 адам көз жұмды

  • 162
  • UPD: 18:08, 21.10.2020
COVID-19: Ресейде бір тәулікте 317 адам көз жұмды

Ресейде өткен тәулікте 317 адам коронавирустан көз жұмды, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл эпидемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Және алғаш рет елде індеттен тәуліктік өлім саны 300-ден асқан. Сондай-ақ соңғы 24 сағатта 15700 адамның вирус жұқтырғаны расталды. Ең көп дерек ел астанасында, Санкт-Петербург пен Мәскеу облысында. Осы ретте Мәскеу облысында шектеу шаралары күшейтілді. Бүгіннен бастап мұнда көрермендер қатысатын спорттық және өзге де жаппай іс-шараларды өткізуге болмайды. Мұражайлар, театрлар мен көрмелер жабылды. Бұл шаралар 7 қарашаға дейін енгізілді. Қоғамдық көлікке маскамен кіру жеткіліксіз. Енді оған мінерде жолаушының дене қызуы өлшенеді. Сауда орталықтары мен тамақтану орындардарының кіреберісінде де тиісті бақылау қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы