425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамға «Саудель» тропикалық дауылы таяп келеді

  • 123
  • UPD: 18:41, 21.10.2020
Вьетнамға «Саудель» тропикалық дауылы таяп келеді

Соңғы 20 жылдағы ең алапат су тасқыны зардабын тартып отырған Вьетнамға енді «Саудель» тропикалық дауылы таяп келеді, хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан қатты нөсер жаууы мүмкін деген болжам бар. Осы ретте билік сақтық қамына кірісіп, дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қазір тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Айта кеткен жөн, Вьетнамда қаншама күннен бері нөсер толастамай, соңы су тасқынына ұласқан. Соңғы мәлімет бойынша 111 адам көз жұмып, із-түзсіз жоғалып кеткен 22 тұрғын әлі табылмады. 50 мыңнан аса үйге нұқсан келді. 108 мың гектар егіс алқабын су басқан. Біраз елді мекенде электр тарату желілері зақымданып, жолдарды су шайып кеткен.

Блиц 1:

- Осылай шатырға шығып алуға тура келді. Кешеден бері нәр татқан жоқпын.

Блиц 2:

- Біздің отбасымызда 7 адам. Балалар бар. Әпкем бір ай бұрын ғана босанған еді.

Хабар 24 телеарнасы