425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем елдерінде COVID-19 пандемиясы кезіндегі сайлау қалай өтіп жатыр?

  • 185
  • UPD: 22:57, 21.10.2020

Коронавирус тек әлемдік экономика мен денсаулық сақтау жүйесіне ғана емес, саяси процестерге де әсер етті, хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі эпидемиологиялық ахуал кезінде президенттік, парламенттік және жергілікті сайлауды өткізу форматына қатысты пікірталас туындаған. Ақпан айынан бері әлемнің 56 мемлекетінде сайлау өткен. Пандемия саяси шараны ұйымдастыру жағын өзгертті. 2 аптадан кейін АҚШ-та өтетін президенттік сайлау алдындағы науқанды мысалға келтіруге болады. Бұл елде үміткерлер арасындағы пікірталас, қаржы жинау және үгіт-насихат жұмыстары негізінен онлайн форматта ұйымдастырылды. Қазір мерзімінен бұрын дауыс беру жүріп жатыр. Биыл көктемде індет өршіп тұрғанда Оңтүстік Кореяда парламенттік, жазда Францияда муниципалдық, Польшада президенттік сайлау өтті. Қыркүйекте Ресей халқы жаңа форматта дауыс беріп, аймақ басшыларын таңдады. Өткен жексенбіде Латын Америкасындағы Боливияда президенттік сайлау өтті. Алдағы жексенбіде Украинада аймақтық сайлау белгіленіп отыр.

Саяси шара кезінде санитарлық ережелер қатаң сақталады. Мамандар дауыс берушілерге «міндетті түрде маска тағып келу керек» деген талап қойды. Сайлау комиссиясының мүшелері бетперде, қолғап пен арнайы көзілдірікпен отырады.

 

Хабар 24 телеарнасы