424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Еуропада карантин күшейтілді

  • 129
  • UPD: 09:28, 22.10.2020
Шығыс Еуропада карантин күшейтілді

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 41 миллионға таяп, қайтыс болғандардың қатары 1 миллион 120 мыңнан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген соңғы дерек осындай. Инфекцияға шалдығу деректерінің артуына байланысты Шығыс Еуропа елдері сақтық шараларын күшейтуге кірісті. Мәселен, Чехияда қарашаның үшіне дейін локдаун жарияланды. Осы уақыт аралығында елде тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Азаматтардың жүріп тұруына шектеу қойылады. Бұдан бөлек 65-тен асқан азаматтарға қатаң карантин жариялау жағы да қарастылып жатыр.

Ал Словенияда ел үкіметі індетпен күрес аясында төтенше шаралар жариялады. Оған сай, қоғамдық іс-шараларға тыйым салынды, студенттер мен оқушылар қашықтықтан оқу режиміне көшті. Барлар мен мейрамханалар жабылып, елде коменданттық сағат орнады.

Өз кезегінде Румыния астанасы Бухарестте 5 жастағы баладан қарияға дейін маска тағу міндеттелді. Бетперде тек сыртта жүргенде ғана емес, ғимарат ішінде де тағылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы