419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда вакцина сынағына қатысқан ерікті қайтыс болды

  • 212
  • UPD: 12:11, 22.10.2020

Бразилияда коронавируске қарсы вакцина сынағына қатысқан ерікті қайтыс болды. Әзірге оның нақты неден бақилық болғаны айтылмай отыр.

Ерікті плацебо қабылдады ма әлде оған препараттың өзі ұсынылды ма деген сұраққа да жауап жоқ. Жаңа дәріні әзірлеумен айналысқан Астра Зенека компаниясы осы оқиғаға байланысты ресми позициясы жоқ екенін айтып, түсініктеме беруден бас тартты. Ал Оксфорд университетінің өкілдері препараттың қауіпсіз екенін айтып, сынақтар жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы