422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде полицейлер жетіспей жатыр

  • 123
  • UPD: 11:40, 22.10.2020

Израиль жалпыұлттық карантинге қатысты қабылданған шараларды біртіндеп жеңілдете бастады. Алайда негізгі шектеулер әлі де күшінде қалып отыр. Полиция ереже бұзушыларды анықтау мақсатымен арнайы рейдтер өткізіп жатыр.

Қазір полицияға адам жетіспей жүр. Өйткені әдеттегі қылмыстармен қатар індетпен де күресіп келеді. Ал халықпен жиі араласатындықтан дертті жұқтыру қаупі де жоғары. 

Михаил Зингерман, Израиль полициясының өкілі:

- Израиль полициясында 30 мың адам жұмыс істейді. Бес жүзі ауруды жұқтырып алған. Тағы екі жарым мыңы науқастармен қатынаста болғандықтан оқшауланды. Бұл 3 мың адам, яғни әрбір оныншы полицей қатардан шығып қалғанынын білдіреді. 

Қалада кезекшілік ететін патрульдер халық көп жиналатын орындарды тексеріп жүр. Ең бастысы адамдардың бетперде таққанын қадағалайды. Көбі бұған түсінікпен қарайды. Ал ереже бұзғандар анықталса, 120 еуро мөлшерінде айыппұл салынады. 

Игорь Пивнев, полицияның аға сержанты:

- Егер кінәсін мойындаса, айыппұл салмай, ескертумен шектелуге болады. Мұны полицейдің өзі шешеді. 

Жұрт да бұған әртүрлі жауап береді. Мәселен орталық автовокзалда бетпердесіз жүрген пицца жеткізушісі кінәсін мойындаса, бұл қыз маскамен тыныс алу қиын деп, полицеймен дауласа бастады. 

- Маған неге тиістіңіз? 

- Біз тиіскен жоқпыз, ережелердің сақталуын қадағалаймыз. 

Жұмысына тыйым салынған нысандарды да бақылауда. Мәселен аяқ киім дүкенінің иесі дабыл қаққыш жүйесін тексеруге келгенін айтқан. Ішінде тұтынушылар жоқ, яғни ереже де бұзылған жоқ. Ал мына дүкенде бетпердесіз кіруге болмайтынын ескертетін жазу жоқ. Бұл жолы иесін ескертумен шектелді. Алайда оқыс оқиғалар да болып жүреді. Әлеуметтік желілерде бір қызды кісендеп, қамауға алған бейне тарап кетті. 

Ол полицей әйелге өз есімін атаудан бас тартып, қарсылық көрсеткен. Тіпті тәртіп сақшыны жарақаттаған көрінеді. Заң бойынша, полицияға есімін атамау қылмыс саналады. Бұған кінәлі адам абақтыға қамалуы мүмкін.

Автор: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы