425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда вакцинациядан кейін 13 адам қайтыс болды

  • 181
  • UPD: 10:34, 22.10.2020
Оңтүстік Кореяда вакцинациядан кейін 13 адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпе алған 13 адам қайтыс болды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігі хабарлады.

Бірінші өлім жағдайы 16 қазанда Инчхон қаласында тіркелген, 17 жастағы мектеп оқушысы вакцинациядан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Осындай жағдайлар Сеулде, Кенгидо провинциясында және басқа аймақтарда тіркелген. Марқұмдардың дені қарт адамдар, деп хабарлады ТАСС.

Дәрігерлердің айтуынша, тергеу алты жағдайда вакцинация мен адамдардың өлімі арасындағы тікелей байланысты анықтаған жоқ. Сонымен бірге вакциналардан улы заттар табылмаған.

Осыған байланысты Оңтүстік Корея COVID-19 пандемиясы жағдайында тұмауға қарсы вакцинаны тоқтатуға негіз жоқ деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы