419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда мұғалімдер мен оқушылар сабақты далада өткізіп жатыр

  • 186
  • UPD: 12:08, 22.10.2020

Италияның Неаполь қаласында коронавирустың тез тарауына байланысты мектептер жабылды.

Алайда жергілікті ұстаздар оқуды жалғастырудың амалын тапқан. Олар сабақты балалардың үйінің жанында, яғни далала өткізіп жатыр. Эпидемиологиялық ахуалды ескерген мұғалімдер сақтық шаралары жайлы да ұмытпаған. Қауіпсіз қашықтықтың сақталуы үшін оқушылар бірнеше топқа бөлінген. 

Памела Буда, мұғалім:

- Оқуды қалай жалғастырсақ болады деген оймен басым қатты. Сосын оқушылардың ата-анасына қоңырау шалып, балалардың мектепке қайта оралғысы келетінін білдім. Ақылдаса отырып, таза ауада сабақ өткіземіз деп шештік.

Хабар 24 телеарнасы