422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа iPhone смартфонының басты кемшілігі анықталды

  • 134
  • UPD: 10:56, 22.10.2020
Жаңа iPhone смартфонының басты кемшілігі анықталды

Apple компаниясының жаңа смартфонына жасалған алғашқы шолулар бір маңызды кемшілікті тапты, деп жазды Verge басылымы.

Шолуға сәйкес iPhone 12 Pro смартфондарының қуаты өте тез таусылады, әсіресе 5G желілеріне қосылған кезде.

Материал авторының айтуынша, смартфонды екі жарым сағат бойы қолданғаннан кейін оның 18 процент қана қуаты қалған.

Engadget порталының сарапшылары да дәл осындай тұжырымға келді. Олар iPhone 11 батареясының қызмет ету мерзіміне үйренген адамдар жаңа модельдегі осы кемшіліктен көңілдері қалатынын атап өтті.

Apple презентациясында таныстырылған өнімдер

Apple компаниясы iPhone-ның ескі модельдерін шығаруды тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы