419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияның денсаулық сақтау министріне вирус жұқты

  • 129
  • UPD: 14:38, 22.10.2020
Германияның денсаулық сақтау министріне вирус жұқты

Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның коронавирус жұқтырғаны расталды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы хабарлады.

Белгілі болғандай, 40 жастағы министрден вирустың суық тию белгілері байқалады. Қазір ол оқшауланған. Бұған дейін Шпан министрлер кабинетінің отырысына қатысқан болатын. Сондықтан осы жаңалық онымен байланыста болғандардың бәріне хабардар етілді.

Айта кетейік, Йенс Шпан коронавирус жұқтырған Германия үкіметінің алғашқы мүшесі.

Хабар 24 телеарнасы