420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда локдаун енгізілді

  • 126
  • UPD: 14:31, 22.10.2020
Грекияда локдаун енгізілді

Грекияда коронавирус жұқтырудың рекордтық саны тіркелді. Елде бір тәулікте 865 адамнан қауіпті вирус табылған. Бұл мамыр айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Мұндай жағдайға алаңдаушылық білдірген ел билігі жұмадан бастап Кастория қаласында локдаун енгізетін болды. Яғни ертеңнен бастап кафе-барлар, мұражай мен спорт залдары жұмысын тоқтатады. Ал тұрғындар қоғамдық орындарда маска киюге міндеттеледі. Сонымен қатар азаматтардың қала аумағынан шығуына тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы