425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда шағын ұшақ апатқа ұшырады

  • 140
  • UPD: 15:11, 22.10.2020
Түркияда шағын ұшақ апатқа ұшырады XinHua/Global Look Press

CNN Türk телеарнасы Ыстамбұлдың Бююкчекмедж ауданында әуе кемесі апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

Хезарфен аэродромынан көтерілген ұшақ жеке компанияға тиесілі болған. Құлаған кезде ұшақтың алдыңғы бөлігі жерге кіріп кеткендіктен, құтқарушылар оны шынжырмен тартып шығаруға мәжбүр болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бортта тек ұшқыш болған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы