423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрама Штаттарда ШОБ шатқаяқтап тұр

  • 124
  • UPD: 16:35, 22.10.2020

АҚШ-тың 8 мың 500 шағын және орта бизнес өкілдері ынталандыру пакетіне өтініш білдіріп үлгірді. Бұл ел тарихында болмаған жағдай. Қазірдің өзінде 350 млрд долларға жуық қаражат бөлінген еді. Ковид-19 вирусын жұқтыру бойынша алда келетін елде шағын және орта бизнес өкілдері қиын жағдайға түсіп отыр.

Ауанг Силиуанга - кәсіпкер.  Ол 2000 жылдардың аяғында Индонезия астанасынан Нью-Йоркке мигрант ретінде қоныс аударды. Алғашында ыдыс жуушы, кейін пицца тасушы болып, қазір өзінің жеке ресторанын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. «Жылдар бойы мақсатты еңбек етіп, діттегеніме жеткен кезімде  пандемия басталып бизнесіме қауіп төндіріп тұрғаны көңілге қаяу түсіреді» дейді кәсіпкер. 

Ауанг Силиуанга, мейрамхана иесі:

- Шынымды айтсам бұл елде кәсіп бастау қиын болды. Қалтамда бар жоғы 500 доллар ғана бапр еді. Дегенмен жергілікті жұртшылық менің аспаздығымды өте жақсы көріп, ісім жүріп кетті. Пандемияға дейінгі жағдайымыз жақсы еді. Бірақ қазір енді не боларын білмей отырмын.

Queens-тегі танымал ресторандардың біріне айналып үлгерген бұл орын, наурыз айынан бері бір емес екі рет жабылып үлгерді. Табысынан қағылған кәсіпкердің шығыны көбейіп, уақытша жабуды ұйғарды. Ал Нью-Йорк бойынша жабылған ресторандардың саны 1300-ден асқан еді. Сондайқ ақ елу штат бойынша тамақтану саласында еңбек етіп, жұмысынан айырылған 2,3 миллион америкалық тағы бар. Үкіметінің бөліп отырған ынталандыру пакеті мен көмегі шығындарымыздыі толық жаппайды дейді кәсіпкер.

Ауанг Силиуанга, мейрамхана иесі:

- Рас, мен үкіметтен көмек аламын. Бірақ ол жеткіліксіз. Мәселен, менің жұмыскерлерім бар, жалға алып отырған орным бар. Күн болса суып кеткен. Далада отыру мүмкін емес. Мұндай шығындарды жабу үшін қаражат жеткіліксіз. Әр нәрседен үнемдеуіме тура келіп отыр. Мен тіпті тамаққа қосатын арнайы қоспалардан да үнемдеп отырмын.

Ауанг Силиуанганың жұбайы:

- Жолдасым пандемияға қарамастан өзінің ресторанын ұстап отырғысы келеді. Себебі бұл салаға көп жылдар бойы дайындалған еді. Мен жолдасымның қандай күйде екенін сеземін. Бірақ ол бізге ешнәрсе білдірмейді.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо қыркүйектің 30-ынан бастап тамақтану орындарына қатысты жаңа шектеулер мен ережелер бекітті. Ережеге сәйкес, қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында ресторандар тұтынушылардың 25 пайызын ғана қабылдай алады. Сондай-ақ осы жұмадан бастап вирусты жұқтырғанын біле тұра тамақтану орнына келген тұтынушылар болса, айыппұл төлетуді де қарастыруда.

Эндрю Куомо, Нью-йорк штатының губернаторы:

- Ресторандардың қазіргі жағдайын толықтай түсінемін. Сондай-ақ бұл тек ресторандардың иелеріне ғана емес, қарапайым жұмыскерлеріне де әсер етіп отыр. Бірақ мұндай әркетке баруымыздың басты себебі вирусты жұқтырып жатқандардың белгілі бір бөлігі ресторандардан анықталып отыр.

Екінші толқынның келуімен індетті жұқтырғандардың саны да өршіп отыр. Мәселен, қазірдің өзінде АҚШ-тың 40-тан астам штатында рекордтық көрсеткіш тіркеліп, қалалардың карантин режимине қайта көшуі қарастырылуда. Бұл болашағы онсыз да бұлыңғыр ресторандардың қайта жабылуына әкеліп соғады дейді мамандар. 

Авторлар: Талғат Алманов, Ринат Садыров

Хабар 24 телеарнасы