417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда бір тәулікте 11 287 адам коронавирус жұқтырған

  • 200
  • UPD: 12:39, 23.10.2020

Бұл бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Індетті жұқтырғандар қатарында денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан да бар. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты кейбір өңірде шектеу шаралары күшейтілді. Мәселен Берлиннің халық көп жиналатын 10 бірдей көшесінде маска тағу тәртібі енгізілді. Жалпы деректер санының артуына байланысты жергілікті зертханаларда жұмыс қауырт.

Оливер Харце, Медициналық диагностика жөніндегі институт директоры

- Біз жаппай тестілеудің ұлттық стратегиясына сай әрекет етіп жатырмыз. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде ол өзінің тиімділігін көрсетті. Орталық зертхана өз әлеуетінің 85%-ін пайдаланды. Жұрт жазғы демалыстан оралғанда да дәл осындай жағдай болған. Кей орталықтарымыз бар күшін салып жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы