422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың алты штатында кісі өлімі бойынша антирекорд орнады

  • 146
АҚШ-тың алты штатында кісі өлімі бойынша антирекорд орнады фото: euronews.com

АҚШ-тың алты бірдей штатында коронавирустан көз жұму деректері бойынша антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Айова, Миннесота, Монтана, Канзас, Гавайи және Висконсин штаттары. Сондай-ақ соңғы тәулікте бүкіл ел бойынша ауруханаға 40 мың науқас түскен. Бұл тамыздан бергі ең үлкен көрсеткіш.

Айта кеткен жөн, АҚШ вирус жұқтырғандар мен індеттен көз жұмғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Елде 8,5 миллионнан аса оқиға тіркелген. 230 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Ал, Вашингтон университетінің медицина мектебі ғалымдарының болжауынша, келесі жылдың ақпанына дейін көз жұмғандар саны 390 мыңға дейін жетуі мүмкін.

Блиц 1:

- Мен үнемі маска тағып жүремін. Сонда өзімді де қорғаймын. Өзгелерге де қауіп төндірмеймін.

Блиц 1:

- Пандемия кезінде вирустан қорғанудың ең қарапайым тәсілі – бұл маска тағу.

Хабар 24 телеарнасы