424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде бұзақылар музейдегі бағалы жәдігерлерді бүлдіріп кетті

  • 116
  • UPD: 08:59, 23.10.2020
Берлинде бұзақылар музейдегі бағалы жәдігерлерді бүлдіріп кетті

Берлинде беймәлім бұзақылар музейдегі бағалы 70 жәдігерді бүлдіріп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында ежелгі Мысыр дәуірінің саркофагтары, тас мүсіндері мен XIX ғасырда салынған суреттер бар. Бұл өнер туындыларына түссіз майлы сұйықтық сепкен. Полиция қылмыскерлердің ізіне түсу үшін тергеу амалдарын бастап кетті. Бұл қастандық 3 қазан күні жасалғаны белгілі. Алайда тергеуге кедергі келтірмес үшін осы оқиғаны құпия ұстаған. Сол күні мұражайға 3 мың билет сатылыпты. Полиция қылмыс куәгерлерін табу үшін сол күні музейде болған 600-ден аса адамға хат жіберді.

Хабар 24 телеарнасы