420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем бойынша қанша адам әлеуметтік желілерді пайдаланады

  • 139
  • UPD: 09:30, 23.10.2020
Әлем бойынша қанша адам әлеуметтік желілерді пайдаланады

We Are Social халықаралық агенттігі сарапшыларының айтуынша, әлеуметтік желілердің ай сайынғы аудиториясы төрт миллиард қолданушыға жеткен.

Демек, әлем халқының 53%-інде интернет-профиль бар.

Зерттеуге сәйкес тек соңғы бір жылдың өзінде 450 млн адам әлеуметтік желілерге қосылды.

«Болашақта Facebook, Twitter және тағы басқаларға күн сайын екі млн жаңа қолданушы қосылатын болады, бұл секундына 14 адамды құрайды», - дейді зерттеу авторлары.

Instagram аудиториясы өте жылдам өскен: соңғы үш айда ол 76 миллион жаңа қолданушымен толықты.

Хабар 24 телеарнасы