422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 41,5 миллионнан асты

  • 151
  • UPD: 13:21, 23.10.2020

Дүниежүзінде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 41 миллион 500 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жартысына жуығы 3 мемлекетте, яғни АҚШ, Үндістан мен Бразилияда тіркелген. Джонс Хопкинс университеті келтірген мәліметке сүйенсек, антирейтингтің алғашқы ондығына сондай-ақ Ресей, Аргентина, Франция, Испания, Колумбия, Перу мен Мексика кіреді. Осы тізімдегі он елдің тең жарымы Латын Америкасында орналасқан. Жалпы мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден бөлек, індет қазір Еуропада да өршіп тұр.  Бірнеше елде COVID-19 бойынша антирекорд орнап, шектеу шаралары қайтадан күшейтіліп жатыр. Мәселен, Миланда коменданттық сағат енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес енді кешкі уақытта көшеде жүруге болмайды. 

Блиц 1:

- Мұндай шараны бәрі қолдамайды. Дегенмен, бұл қазіргі уақытта қажетті нәрсе деп ойлаймын. Жағдай мүлдем ушығып кетпесі үшін коменданттық сағаттың орнағаны дұрыс. Меніңше, бұдан басқа амал қалмады. Тек осылай ғана вирустың таралуын тоқтатуға болады. Осылай болады деп сенейік.

Өз кезегінде Испанияда індеттің ілмегіне ілінгендер қатары 1 миллиондық межеден асып жығылды. Бұл көрсеткіш бойынша Испания мен Франция Еуропадағы алғашқы елдер.

Хабар 24 телеарнасы