422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция аумағының үштен екісінде коменданттық сағат жарияланды

  • 108
  • UPD: 09:39, 23.10.2020
Франция аумағының үштен екісінде коменданттық сағат жарияланды

Францияда небәрі бір күн ішінде коронавирус жұқтырудың 40 мыңнан астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл індет басталғалы бері болмаған көрсеткіш. Кеңінен етек жайған коронавирустың жолын бөгеу үшін билік Франция аумағының үштен екісінде коменданттық сағат жариялады. Енді кешкі сағат 21:00-ден кейін тұрғындардың сыртқа шығуына рұқсат жоқ. Кәсіпорын мен мекемелер қызметкерлерін мейлінше қашықтан жұмыс істеуге көшірулері керек. Ал мемлекеттік қызметшілер жұмыс аптасының жартысын үйде өткізулері тиіс. Әйтпесе қарашаның басында вирустың таралуы деңгейі тәулігіне 50 мың адамға жетуі мүмкін екен.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Алдағы апталар өте ауыр болады. Денсаулық сақтау жүйеміз өте қиын сынақтан өткелі тұр. Өйткені өлім-жітім саны күн өткен сайын артып барады.

Хабар 24 телеарнасы