423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей билігі коронавируспен күресте жаңа тактикаға көшті

  • 160
  • UPD: 13:24, 23.10.2020

Ресейде кейінгі тәулікте 15 971 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, пандемия басталғалы расталған деректер саны бір жарым миллионға таяп қалды. Солардың 75%-і індеттен айығып шыққан. Тәуліктік өсімнің күрт артуына қарамастан, билік «қайтадан қатаң карантин жарияламаймыз» дейді. Биліктің түсіндіруінше, денсаулық сақтау жүйесінде көктемде жіберілген қателіктердің барлығы ескерілген. Осы ретте вируспен күресте жаңа тактика таңдалып отыр. Бұл – вакцинациялау. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта елдегі бірнеше ірі фармацевтикалық компания «Спутник V» вакцинасының өндірісіне қосылады. Сонда бір жыл ішінде екпе жергілікті халықтың 70%-ін қамтуы тиіс. Сондай-ақ мамандар Ресей аумағында коронавирустың жаңа мутациялары анықталып жатқанын айтады.

Ринат Максютов, «Вектор» орталығының директоры:

- «Вектор» орталығы Ресейдің барлық өңірінде жаңа коронавирустың генетикалық өзгергіштігініне қатысты кең ауқымды қосымша зерттеу жүргізіп жатыр. Осы күнге дейін біз 80-нен аса нуклеотидті нұсқасын анықтадық. Олардың ешбірі халықаралық дерекқорда көрсетілмеген.

Осы ретте тағы бір ресейлік «ЭпиВакКорона» вакцинасын әзірлеушілер олардың препараты коронавирустың жаңа штаммдарымен күресуге қауқарлы екенін айтып отыр. Негізі қазір елде COVID-19-ға қарсы 26 екпе жасалынып жатқаны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы