423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путин: Ресей Навальныйды уландырғандарды жазалауға дайын

  • 104
  • UPD: 10:37, 23.10.2020
Путин: Ресей Навальныйды уландырғандарды жазалауға дайын

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды уландыру ісіне қатысты жаңа ақпар пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні кеше Владимир Путин елдің Бас прокуратурасынан Навальныйды Германияға емделуге жіберулерін сұрағанын мәлімдеді. Мұны Ресей президенті Навальныйдың әйелінің өтініші бойынша жасапты. Бұл туралы Ресей басшысы «Валдай» пікірталас клубының алаңында айтты. Путиннің айтуынша, егер билік біреуді уландырғысы келсе, оны Германияға емделуге жіберуі екіталай еді.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте Томсктен Мәскеуге ұшып бара жатқан Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлаған еді. Осыған байланысты ұшақ Омбыға қонып, саясаткер шұғыл түрде қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ол Берлиндегі «Шарите» ауруханасына ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы