423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 32 адам көз жұмды

  • 150
  • UPD: 11:03, 23.10.2020
Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 32 адам көз жұмды

Оңтүстік Корея Республикасында тұмауға қарсы екпеден кейін 32 адам қайтыс болды.

Бұл туралы ТАСС Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, елде 16 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина алған 32 адам қайтыс болды. Алғашқы жағдай Инчхон қаласында тіркелді, онда 17 жасар мектеп оқушысы көз жұмған. Одан кейін Сеулде, Кёнгидо провинциясында және басқа аймақтарда осындай жағдайлар болды. Марқұмдардың дені – егде жастағы адамдар. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көпшілігі түрлі аурулардан зардап шеккен.

Қазіргі уақытта өлім жағдайларының нақты себебін анықтау бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Корей медициналық қауымдастығы тұмауға қарсы вакцинацияны 29 қазанға дейін тоқтата тұруға кеңес берді. Бұған жауап ретінде Кореядағы Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің басшысы Чон Ын Гён вакцинация мен өлім жағдайлары арасында тікелей байланыс анықталмағанын және жағдай вакцинация бағдарламасын тоқтатуды қажет етпейтінін айтты.

 

Хабар 24 телеарнасы