425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада рождестволық жәрмеңкелерге тыйым салынды

  • 127
  • UPD: 12:28, 23.10.2020
Еуропада рождестволық жәрмеңкелерге тыйым салынды

Еуропа елдерінде коронавирустық пандемияға байланысты дәстүрлі рождестволық жәрмеңкелер жойыла бастады.

Атап айтқанда, Франциядағы Страсбург биыл жәрмеңке өткізуден бас тартты. 2019 жылы оған 2 млн адам келді.

Сондай-ақ Берлинде де жәрмеңке болмайды. Оған жыл сайын орта есеппен 1 млн-ға жуық адам қатысады.

Шотландия Үкіметінің Денсаулық сақтау саласындағы кеңесшісі Джейсон Литч барлығын осы жылы «сандық рождествоға» дайындалуға шақырды.

Ирландия билігі рождестводағы жағдайды қалыпқа келтіруге тырысу үшін коронавируспен күресуге қатаң шектеулер қойды.

Соңғы апталарда Еуропа елдерінде коронавирус ауруының өсуі туралы хабарланды.

Хабар 24 телеарнасы