422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Непалда Эверест шыңына шығуға тыйым салынды

  • 128
Непалда Эверест шыңына шығуға тыйым салынды

Непал билігінің карантиндік шектеулеріне байланысты туристер мен жергілікті тұрғындар үшін Эверестке шығуға тыйым салынды.

Мәліметтер бойынша 22 қазанда Эверестке жақын Намче-Базар ауылында коронавирус жағдайлары расталған. Тұрғындарды жаппай тестілеу үшін дәрігерлер тобы 23 қазанда Намче-Базарға аттанады.

Намче-Базар – альпинистерге Эверестке көтерілу үшін маңызды нүкте.

Непал үкіметі Эверест шыңын туристер үшін жақында ғана ашқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы