423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалықтар Хэллоуинді қауіпсіз атап өтудің амалын ойлап тапты

  • 134
  • UPD: 14:19, 23.10.2020
Америкалықтар Хэллоуинді қауіпсіз атап өтудің амалын ойлап тапты

Коронавирус түрлі шараларды өткізу форматын өзгерткені сөзсіз.

Осы ретте АҚШ-та Хэллоуинді қауіпсіз атап өтудің амалын ойлап тапқан. Бұл мереке кезінде әдетте түрлі костюмдер киген балалар көрші маңдағы үй-үйді аралап, үлкендерден тәттілер алады. Бұл жолы балақайлардың көңілін түсірмес үшін америкалықтар есік алдына құбыр орната бастаған. Үй иесі тәттілерді сол арқылы таратып, оларды құбырдың екінші жағында тұрған балалар қағып алады. Сонда әлеуметтік қашықтық сақталады. Жалпы қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты АҚШ дәрігерлері «биыл Хэллоиунге орай сауық кештерін өткізбеген жөн» деп отыр. Ал, тәттілер жинауға шығатын балаларға костюммен қоса маска мен қолғап киюге кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы