420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда жасыл түсті күшік дүниеге келді

  • 149
  • UPD: 15:22, 23.10.2020
Италияда жасыл түсті күшік дүниеге келді REUTERS

Күшік иесі жасыл түсті үміт пен сәттіліктің түсі деп санайды.

Бұл ерекше күшік шаруаға қой бағуға көмектеседі.

Италияның Сардиниясындағы фермада жасыл түсті күшік дүниеге келді. Оған Pistachio (Пісте) деген ат берілген, деп хабарлайды BBC.

Pistachioмен бір туған өзге төрт күшіктің түсі анасыныкіндей – ақ.

Жасыл түсті күшіктің дүниеге келуі – сирек жағдай. Сондықтан да шаруа өзге күшіктерді тапсырып, ал Pistachioны өзіне алып қалмақ.

Хабар 24 телеарнасы