422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Ресейде тәуліктік өсім алғаш рет 17 мыңнан асты

  • 135
  • UPD: 17:45, 23.10.2020
COVID-19: Ресейде тәуліктік өсім алғаш рет 17 мыңнан асты

Көршілес Ресейде кезекті антирекорд. Бұл жолы бір тәулікте коронавирусты 17340 адам жұқтырған. Эпидемия басталғалы алғаш рет деректер саны 17 мыңнан асып отыр. Ең көп жұқтыру бұрынғысынша Мәскеуде. Кейінгі тәулікте қалада 5478 адамнан індет ізі анықталған. Бұл күз басталғалы ең жоғары көрсеткіш.

Айта кеткен жөн, көрші елде қыркүйектің басынан бері коронавирусты жұқтыру деңгейі артып барады. Оған жасалатын тест санының көптігі себеп. Сондай-ақ күзде балалар сабаққа, студенттер жоғарғы оқу орындарына, ал өзге тұрғындар жазғы демалыстан оралды. Бұл да деректер санының артуына әсер етпей қоймады. Эпидемиологиялық ахуалдың нашаралуына қарамастан билік қайтадан қатаң карантин енгізбейтінін айтып отыр. 

Елена Новицкая, Владивосток қаласы №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері: 

- Өткен демалыс ең ауыр күндердің бірі болды. Аурухананың қабылдау бөлмесінде 20-30 адамнан отырды. Бәріне электрокардиография, компьютерлік томография, қан сараптамасы секілді тексерулер жасап үлгіруіміз керекті. 

Жақын арада осы Ресей әуежайларында жолаушылардың коронавирус жұқтырған-жұқтырмағаны жөтел арқылы анықталуы мүмкін. Қазір тың технологияны әуе айлағына орнату мәселесі қарастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, тиісті жүйе індетті бастапқы кезеңінде анықтап, дер кезінде дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы