422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ежелгі майя халқының заманауи технологияларды қолданғаны анықталды

  • 121
  • UPD: 17:04, 23.10.2020
Ежелгі майя халқының заманауи технологияларды қолданғаны анықталды

Цинциннати университетінің (АҚШ) ғалымдары ежелгі майялықтар суды тазарту үшін күрделі технологияларды қолдана білгендігін анықтады.

Олар табиғи материалдардан сүзгілер жасаған. Бұл туралы Scientific Reports басылымында жарияланған мақалада айтылған.

Зерттеушілер Гватемаланың солтүстігіндегі ежелгі майялықтардың ауыз суының маңызды көзі болып табылатын Корриенталь су қоймасында сүзгі жүйесін тапты.

Сүзгілерді жасау үшін байырғы мезоамерикалықтар табиғи молекулалық електен тұратын кварц пен цеолитті қолданған. Екі минерал да әлі күнге дейін заманауи ауыз суды тазарту жүйесінде қолданылады. 

Екі мың жылдық тарихы бар ежелгі сүзгілер судағы зиянды микробтарды, азотқа бай қосылыстарды, сынап сынды ауыр металдарды және басқа да токсиндерді жояды.

Хабар 24 телеарнасы