425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Microsoft Илон Масктің компаниясымен серіктестікке қол қойды

  • 119
  • UPD: 17:32, 23.10.2020
Microsoft Илон Масктің компаниясымен серіктестікке қол қойды

Microsoft компаниясы кәсіпкер Илон Маск негізін қалаған SpaceX жеке ғарыш компаниясымен серіктестігі туралы жариялады.

Олар бірлесіп ғаламдық Starlink спутниктік жүйесіне қол жеткізу арқылы сенімді байланыс орнатуды жоспарлап отыр.

«Microsoft компаниясы Azure Space ғаламдық бастамасы аясында бірқатар хабарландырулар жариялады. Оның басты мақсаты – ғарыштық инновацияларды бүкіл әлемдегі компанияларға қолжетімді ету. Бағдарлама шеңберінде Microsoft ғарыш саласындағы ұйымдармен, оның ішінде Илон Маск негізін қалаған SpaceX-пен серіктестікті дамытуды жоспарлап отыр», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы