423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадрид тұрғындарына түнгі уақытта далаға шығуға тыйым салынды

  • 122
  • UPD: 09:26, 24.10.2020

Бұл – Испания астанасындағы эпидемологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қабылданған жаңа шектеудің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қоса талапқа сай, барлар мен мейрамханалардағы сыйымдылық 50 проценттен аспау керек. Дүкендер түнгі 10-ға дейін ғана жұмыс істейді. Айта кеткен жөн, жуырда Испанияда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллионнан асты.

Энрике Руис Эскудеро, Мадрид денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Қазіргі жағдайда вирустың тарауын тежеу үшін ең бастысы жүріс-тұрысты шектеу керек. Әсіресе түнгі уақытта тұрғындардың әрі-бері көп қатынамағаны дұрыс. Сондықтан түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін кез келген кездесулерге, тіпті отбасылық жиындарға тыйым салынады. Ал күндіз жиналуға болады. Алайда адам саны 6-дан аспауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы