425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Бельгияда тағы да антирекорд тіркелді

  • 151
  • UPD: 09:20, 24.10.2020

Соңғы тәулікте мұнда 16 700-ден аса адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

600-ге жуық науқас жан сақтау бөліміне жатқызылды. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік карантин талаптарын күшейткен болатын. Мейрамханаларды бір айға жауып, коменданттық сағат енгізді. Алайда жаңа деректер саны азаймай тұр. Ауруханаларда орын тапшы. Сондықтан шектеу шаралары тағы да күшейтілді. Емханаларда шұғыл емес операциялар кейінге шегеріледі. Жан сауқтау бөлімдерінде 1200 орын ковидке шалдыққан науқастар үшін сақталады. Барлық спорттық жарыс көрерменсіз өтеді. Мәдени шараларға 40-тан артық адам жіберілмейді. Компаниялар мен кәсіпорындарға қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшуге кеңес берілген. Жоғары оқу орындарының студенттері бұрынғыша гибридті жүйе бойынша оқиды. Яғни 20 проценті ғана оқу орнына барады. Қалғандары қашықтан білім алады.

Александр Де Кроо, Бельгия премьер-министрі:

– Санитарлық көрсеткіштер жақсармай отыр. 9 провинцияда қауіптіліктің ең жоғарғы төртінші деңгейі жарияланды. Мұндай жағдайда бір орында көп адамның жиылуына жол бермеу керек.

Франк Ванденбрук, Бельгия денсаулық сақтау министрі:

– Күн сайын ауруханаға 500 адамнан түсіп жатқанын көріп отырмыз. Жетіспей жатқан орын мен техника ғана емес. Медициналық қызметкерлер де күн демей, түн демей жұмыс істеп жатыр. 11 миллион бельгиялық күш біріктірсе ғана оларға көмектесе аламыз. Сіздерден қарапайым ережелердің сақталуын талап етеміз. Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне салғырт қарамаңыз.

Хабар 24 телеарнасы