423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең үлкен субұрқақ Гиннесстің рекордтар кітабына енді

  • 236
  • UPD: 14:39, 24.10.2020

Дубайда әлемдегі ең үлкен субұрқақ іске қосылып, ол Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашылу салтанатына орай әсерлі шоу мен отшашу ұйымдастырылған. 

Субұрқақ шамамен бір жарым мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Ондағы су 105 метр биіктікке дейін көтеріледі. Мұнда 3 мың жарықдиодты шам орнатылған. Құрылым жыл бойы жұмыс істейтін болады. 3 минуттық музыкалық шоу әр жарты сағат сайын қосылып отырады. Жалпы бұған дейін Оңтүстік Кореядағы «Банпо ай кемпірқосағы» әлемдегі ең үлкен субұрқақ саналып келген.

Гейл Сангстер, Assets компаниясының директоры:

– Әлемде коронавирусқа байланысты болып жатқан жағдайларды ескерсек, бұл жергілікті туристік индустрияның әлеуетін арттырудың тамаша мүмкіндігі. Шетелдіктерден бөлек субұрқақ маңында жергілікті тұрғындар да отбасымен демала алады.

Хабар 24 телеарнасы