422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Алдағы бірнеше ай аса сақ болу керек

  • 293
  • UPD: 12:35, 24.10.2020
ДДСҰ: Алдағы бірнеше ай аса сақ болу керек РБК

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның ең қиын кезеңіне дайын болуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе алдағы бірнеше ай аса сақ болу керек дейді Ұйым басшысы. Тедрос Гебрейесустің айтуынша, мемлекет басшылары ковидтің таралуын тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдап, денсаулық сақтау жүйесінің қайтадан құлдырап кетпеуіне жол бермеу керек. Өйткені бүгінде коронавирус қайтадан күшіне мінген. Жуырда ғана әлемде инфекцияға шалдығудың тәуліктік рекорды орнады. 24 сағатта дүниежүзі бойынша 423 мың адам вирус жұқтырған. Сөйтіп, олардың жалпы саны 42 миллионнан асты.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Қазір әлемде коронавирус ушығып тұр. Әсіресе солтүстік жарты шарда. Жалпы алдағы бірнеше ай өте қиын болады. Көптеген елде вирус жұқтыру деректерінің өсімі өте жоғары. Соның салдарынан ауруханалар мен интенсивті терапия бөлімдерінің жүктемесі шегіне жеткен.

Хабар 24 телеарнасы