423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коменданттық сағат жарияланды

  • 123
  • UPD: 14:08, 24.10.2020

Италия астанасы Римде кешелі бері коменданттық сағат орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік осылайша кеңінен етек жайған коронавирус індетін тоқтатпақ ниетте. Өйткені соңғы күндері елде вирустың таралу қарқыны қатты болып тұр. Жуырда ғана бір тәулікте 16 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылған. Бұл жаңа антирекорд болып отыр. Алайда сақтық мақсатында жасалған шараға қарсы шыққандар да бар. Мәселен, Неаполь тұрғындары өңірлік үкімет ғимаратын қоршап, коменданттық сағатты алып тастауды талап етті. Топты тарату үшін ақырында полицейлер көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы