423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда болған қос жарылыстан 9 адам мерт болды

  • 144
Ауғанстанда болған қос жарылыстан 9 адам мерт болды https://ria.ru

Ауғанстанның Газни провинциясында болған қос жарылыс салдарынан тоғыз бейбіт тұрғын қаза тауып, екі полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды 1TV News жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Провинция полициясының өкілі Ахмад Хан Сират БАҚ-қа жарылыстар Газни қаласында болғанын айтты. Біріншіден, Котал-е-Равзай аймағындағы жол бойындағы фургон жарылған. Салдарынан бейбіт тұрғындар ажал құшқан, оның ішінде үш әйел бар.

Содан кейін полиция оқиға орнына келіп, қаза тапқандардың денелерін алып шығарда, екінші жарылыс болған.

Хабар 24 телеарнасы