423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция билігі коменданттық сағат енгізілген өңірлер тізімін арттырды

  • 133
  • UPD: 15:18, 24.10.2020

Францияда коронавирус жұқтырғандар саны бір миллионнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі апта ішінде елде коронавирус көрсеткіші яғни инфекцияға шалдығып, ауруханаға түскендер мен өлім-жітім деректері шамамен 2 есеге артып кеткен. Тек соңғы тәуліктің өзінде Франция емханалары мен қарттар үйінде 3 жүзге жуық кісі көз жұмыпты. Мұндай жағдай елде наурыздан бері болмаған. Осыған байланысты жергілікті билік коменданттық сағат енгізілген өңірлер тізімін арттырды. Бірақ ахуалдың ауырлығына қарамастан, Франция билігі әзірге жалпыұлттық карантин жариялауға асық емес. Үкімет коменданттық сағат қандай нәтиже беретінін күтпек. Тек содан соң ғана локдаунды қайтару жағы қарастырылмақ екен.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Жалпыұлттық локдаун енгізілген кезде індет көрсеткіштері 15-18 күннен кейін ғана төмендей бастаған болатын. Бұл жолы да қабылданған шаралардың тиімділігін көру керекпіз. Келесі аптаның басында біз вирустың таралу жылдамдығының төмендеуінің алғашқы белгілерін көреміз деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы