422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияның кез келген тұрғыны көшеде маска тағуға міндетті

  • 140
  • UPD: 15:24, 24.10.2020

Ел парламенті осындай заң қабылдады. Оған бағынбағандар бірден жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыппұл көлемі 500 еуроға дейін баруы мүмкін. Бұдан бөлек, Португалия үкіметі тұрғындарға Хэллоуин мерекесі кезінде сапарға шығуға тыйым салды. Бұл шектеу 30 қазаннан 3 қарашаға дейін күшін жоймайды.

Айта кетейік, Португалияда соңғы екі апта бойы күн сайын шамамен 2 мың дерек тіркеліп келеді. Осылайша вирус жұқтырғандардың жалпы саны 110 мыңнан асып кетті.

Хабар 24 телеарнасы