424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польша президенті коронавирус жұқтырды

  • 147
  • UPD: 23:01, 24.10.2020

Польша президенті Анджей Дудадан коронавирус анықталды.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Блажей Спихальский Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, президент өзін жақсы сезінеді. Ал Денсаулық сақтау министрінің орынбасары тақауда мемлекет басшысымен байланыста болған тұлғалар карантинге жатқызылатынын жеткізді. Айта кетерлігі, соңғы уақытта Польшада коронавирус өршіп тұр. Науқастардың көптігі сонша, елде дәрігерлер жетіспейді. Ауруханаларда да төсек-орын жоқтың қасы. Осыған байланысты жергілікті билік Варшавадағы Ұлттық стадионды уақытша госпитальге айналдыруға кіріскен.

Хабар 24 телеарнасы